Жүрек – адам ағзасындағы мотор. Қан айналымы жүйесіне жүрек жауап береді. Ол күретамыр арқылы іске асады. Күретамырдан шыққан қан бүкіл ағзаға тарайтыны аян. Жүректің маңызы да осында. Қазіргі таңда жүрек қан-тамыр аурулары дүние жүзінде кез келген жарақат ауруларынан озып, бірінші орынға шыққан. Ең жиі кездесетіні – артериялық қан қысымының жоғарылауы. Екінші орында – миокард инфарктісі, яғни жүрек талмасы.
Егер жүрек, адамның кеуде тұсы қысып, күйдіріп ауырса қорқу керек. Ең басты белгі–Ауырсыну сол қол, жауырын асты, жақ асты, сол жақ мойын тұсына беріледі. Екінші белгі – ауа жетпей қалу, ентікпе. Үшінші белгі – денеден суық тер шығу. Бойыңызда осындай белгілер болса міндетті түрде 103-ке хабарласуыңыз керек. Жалпы, жүрек талмасына ұқсас белгілері бар 25-27 түрлі ауру бар.
Валидол мен валерьянка дәрілерін қалтасынан тастамай жүретін жандар бар. Бұл дәрілерді үнемі қабылдаудың негізі неде? Зияны жоқ па? Standard.kz тілшісінің бұл сұрағына кардиохирург, нейрохирург Туғамбаев Арман жауап берді.
Валидолдың негізгі әсер етуші заты - ментил изовалератедегі ментол ерітіндісі. Бұл дәрі тыныштандыратын және рефлекторлы қантамырын кеңейтеді. Осы әсер арқылы адамдарда стресс немесе қобалжу пайда болғанда жақсы көмек береді. Валидол зияны аз препараттарға жатады.
Ал валерьянка – ол валериан шөбінің тамырынан алынады. Бұл препарат адамдарға тыныштындыратын, ағзаны босаңсытатын әсер береді, яғни седативтік әсер деп аталады. Сондықтан тахикардия (жүрек соғысының артуы), ұйықтай алмаушылық, мазасыздық кезінде жақсы көмектеседі. Бірақ валерьянканың қарсы көрсетілімдерін ұмытпауымыз керек. Бұл перпаратты аллергия, гипертония, асқазан-ішек жолдарының және бүйрек аурулары бар адамдарға, жүктіліктің алғашқы кезеңінде қолдануға болмайды.
Бұл дәрілер халық арасында жақсы танымал болғандықтан жүрек ауруы кезінде жиі қолданылады. Бірақ медициналық тұрғыдан алсақ жүрек аруының негізгі дәрісі емес. Оны тек қосымша дәрі ретінде қолданған жөн.
Дертке шалдыққаннан кейін өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек ауруларын жеңуге бола ма?
Миокард инфарктісіне шалдыққан, жүрегіне ота жасалған адамның темекі шегуді қоюы, майлы тамақты шектеп, өмір салтын өзгертуі оның өмір жасын ұзартуға септігін тигізуі мүмкін, бірақ ол әрдайым дәрігердің жіті бақылауында болып, дәрі-дәрмек қабылдауын тоқтатпайды. Ал ауруға шалдықпай тұрып салауатты өмір салтын ұстанатындар, әрине, аурудың алдын алуға мүмкіндігі көп. Қан айналымын жақсартатын спорт түрлері көп-ақ, ең пайдалысы– велосипед тебу деуші едім.
Бір қызығы, Алматының егде жастағы тұрғындарының дені жер сілкінген кезде жүректері қатты шаншып кететінін айтып шағымданған. Жалпы табиғат тосын мінез көрсеткенде, нақты айтқанда жер сілкінісі уақытында жүректің қысуының алдын алу үшін қалай сақтанған дұрыс?
Жер сілкінісі кезінде адамдарға ең бірінші қобалжуды басатын, тыныштындыратын, седативтік әсері бар дәрілерді беру керек. Жоғарыда аталып өткен дәрілер. Сонымен қатар жүрек аруымен ауыратын адамдар әрқашан озімен бірге жедел әсер ететін дәрілерді (нитроглицерин, изокет спрей және т.б.) бірге алып жүруі керек. Жүрек қыспасына кейде қан қысымы көтерілуіде әсер етеді. Сондықтан қан қысымын жедел өлшетіп, гипотониялық дәрілерді қолдануы керек.
Жүрек ауруына шалдықпас үшін не істеу керек?
Адам ағзасындағы басты мотор - жүрек ауырмасың десеңіз, күнделікті жаттығу жасап, қандай тағам жеп жүргеніңізге мән беріңіз және күйзеліске бой алдырмаңыз. Дәл қазіргі қоғамда жүрек қан-тамыр дертіне ең көп себеп болатын нәрсе – күйзеліс. Күйзеліске жол бермеуге тырысу керек.
Фото: wartesiageneral.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через