Спорт
Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды
Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков алтын медаль иеленді.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 281 (123+158) килограмды көтерді. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Екінші орынды түркиялық ауыр атлет Алааддин Саин иеленді – 278 (121+157).
Үздік үштікті польшалық Бартош Бурски 269 ұпаймен (116+153) түйіндеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через