Ауғанстанда енді зина жасаған әйелдер өлім жазасына кесіледі

Ауғанстанда енді зина жасаған әйелдер өлім жазасына кесіледі
фото: https://pixabay.com/ru/

Ауғанстанда талибандар енді зина жасап күнәға батқан әйелдерді көпшілік алдында таспен ұрып, өлім жазасына кесуге ниетті екендіктерін мәлімдеді. "Талибан" қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада өткен сенбіде радио мен теледидардағы тараған жаңалықтарда осы тақырыпты көтерген. Ол "біз әйелдерді зинақорлық үшін көпшілік алдында таспен ұрамыз", – деді. Ол бұл әрекетті Талибанның батыстың ықпалына қарсы күресі деп атады. Ахундзада мұны әйелдер құқығын бұзу деп санайтындарды "шайтанның қызметшілері" деп атады. Басылым жазғандай, Ауған әйелдері қазір өздерін қудалау мен әділетсіздіктен қорғауға дәрменсіз. Еске салсақ, бұған дейін қаңтар айында Ауғанстандағы "Талибан" өкілдері елдегі әйелдерге арналған сұлулық салондарын жабуға және оларға сауда орталықтарында жұмыс істеуге тыйым салуға бұйрық берген.

ҚазАқпарат