Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 97-маусымы "Қарагөз" спектаклімен ашылды.
Кеше 11 қазан Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кезекті маусымының шымылдығы түрілді.
Жаңа маусымның ашылуына театрдың әртістері мен режиссерлері қатысты. Олардың арасында театрдың көркемдік жетекшісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, «Қарагөз» спектаклінің қоюшы режиссері Елік Нұрсұлтан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, театрдың Бас суретшісі Мұрат Сапаров қатысты.
Театр ұжымы атынан жиналған қауымға ізгі тілегін театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек білдірді.
Дәстүрге сай жаңа маусымда Мұхтар Әуезовтің бір шығармасы сахналанады. Театр директоры мұны театрдың жазылмаған заңы деп атады. Осылайша 97-маусымның ашылуына жиналған көрермен "Қарагөз" спектаклін тамашалады.
Маусымашарда көрерменге арнайы "Мүхтар Әуезов және Ұлттық театр" көрмесі ұйымдастырылды. Ол жерде Ұлттық театрдың мұражай қорынан Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арнап тарихи сәттерден фотолар қойылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через