фото: Atr.kz
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымы «Техникалық күкірт негізінде тұтастырғыш материал алу» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан техникалық қалдық күкірттен экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді күкіртті цемент алу мүмкін болады. Мұнай құрамындағы күкірттің қоршаған ортаға кері әсері ғалымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Өндірістік кәсіпорындардан шығатын техникалық күкірт сақтауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді қажет ететіндіктен қосымша шығындар да болатыны анық. Сондықтан техникалық қалдықтардан түрлі материалдар алу арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға болады. Университет оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Әсем Иманғалиеваның ғылыми-зерттеу бағыты – қалдықсыз химиялық технология. Жас ғалым әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, Атырау мұнай өңдеу зауытының күкіртін, мазут пен кварц топырағын пайдалану арқылы құрылыс индустриясына қажет материал жасау жобасын қолға алды. Тұтастырғыш материалдың артықшылығы көп, ең бастысы сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай болуы үшін жас ғалым қазір жобасын әлі де жетілдіруді мақсат етіп отыр.

Atr.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через