фото: koshek.mektebi.kz
Атырау облысында жемқорлардан тәркіленген ақшаға екі мектеп салынып жатыр.
Жоспар бойынша биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға арналған екі орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.
Облыстық арнайы мектеп-интернатында қазір ерекше білімді қажет ететін 140-қа жуық бала оқиды. Былтыр қыркүйек айында мүгедектігі бар балалардың игілігі үшін «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» қажетті құрал-жабдықтарды алып берген. Қазір мұнда кейбір білім ошағында жоқ заманауи құрылғылар бар.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» облыс орталығындағы екі мектептің құрылысына да қаржы бөлген. Қала іргесіндегі Ақжар және Бірлік елді мекендерінде бой көтеріп жатқан білім ошақтары биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 3 қабатты 600 орындық қос нысан қаладағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге сеп болмақ.
Жемқорлардан тәркіленген ақшаға былтыр ел бойынша 43 мектеп салынған. Жалпы қор құрылғалы 150 млрд теңгеден астам қаражат түсіпті. Бұл қаржы білім ошақтары мен интернаттарды жөндеуге, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешуге жұмсалып жатыр.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через