Бұл туралы елордада атеросклероз бен кардиология саласы мамандарының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ұлыбританиялық дәрігер, Лондон Империялық колледжі Империялық клиникалық сынақтар бөлімі директорының орынбасары және кеңесші-кардиологы Косик Рэй мәлімдеді.
Денсаулық сақтау жүйесі атеросклероз мәселесін ел азаматтарымен бірлесіп қана шеше алады. Атеросклероз балалық шақта дами бастайды, сондай-ақ өмір бойы күшейе береді. Сондықтан адамдар бала кезінен бастап оның алдын алу мен салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі маңызды. Адамдар атеросклероз қаупі туралы мәселе пайда болғанға дейін және онымен ауырмай тұрып ойлануы керек. Бастапқы профилактикаға аса назар аудару, басқаша айтқанда, қауіп-қатердің және аурудың дамуына дейін оның алдын алу өте маңызды, - деп атап өтті дәрігер.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда атеросклероз және атеросклероздық жүрек-қантамыр аурулары өзекті деп отыр.
Жүрек-қантамыр проблемаларына назар аударымыз керек. Азаматтардың денсаулығын жақсарту жолдарын бірлесіп іздеу өте маңызды. Бұл үшін, бірінші кезекте дәрігерлер қоғамдастығының, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың, БАҚ-тың және халықтың күш-жігерін біріктіру қажет, - деді Косик Рэй.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через