Ата-аналар жиналысы мен сынып сағатының форматы өзгертіледі

Ата-аналар жиналысы мен сынып сағатының форматы өзгертіледі

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім ордаларындағы тәрбие жұмысы туралы айтып берді.

Бұл орайда біз бүгінгі күні білім мекемелерінде орын алған іс-шараларды көптеп өткізуден бас тартып, жобалық ұстанымға ауыстырамыз. Ол жүйелі түрде тәрбиелік мақсатқа бағытталғын дебаттық қозғалыс, кітап оқу, театр, музейлерге бару, өзін өзі басқару, қоғамға қызмет сияқты жобалар арқылы үнемі тәрбиелеуді іске асырамыз, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттарының форматтары өзгертіледі. 

Жалпы тәрбие жұмысын жаңаша жүргіземіз, - деп атап өтті Білім басшысы Үкіметте.

Ақпарат дереккөзі