Астанада «Театр барысы» турнирі өтеді

Астанада «Театр барысы» турнирі өтеді

28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото nur.kz