Астанада қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

Астанада қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

Астанада акварельмен картина салатын қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық акварель күніне арналған көрме IWS GLOBE ART NETWORK қауымдастығы және «Artbaza» коворкинг-шеберлік орталығының негізін қалаушы суретшілер Елизавета Антропова мен Евгения Грекинаның ұйымдастырды.

 

 

Қатысушылар конкурстық негізде іріктелген. Қазылар алқасының төрағасы – IWS Globe халықаралық акварель қауымдастығының президенті Атанур Доган.

Жұмыстар бірнеше критерий бойынша таңдалды: 90-100% акварельмен орындалуы, өзге автор картинасының көшірмесі болмауы тиіс, сондай-ақ шеберлік-сабақтарда орындалған жұмыстар қабылданбады.

Нәтижесінде көрмеге Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 20 автордың суреті қойылды. Олардың арасында Айдана Мыңайдарованың «Тұңғиық», Максим Ведерниковтің «Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы В.Ф.Тоскиннің портреті», Куләш Төребаеваның «Бакуге көне есік», Елена Абилеваның «Алмалар» картиналары бар.

Көрменің ашылу салтанатында астаналық суретшілер Айдана Мыңайдарова мен Елизавета Антропова жаңа картина салудан келушілерге шеберлік сабақ өткізді.

Іс-шара «Artbaza» орталығында 28 қаңтарға дейін өтеді.

фото Ирис Мамбур