24 қазанда елордада балалар арасында футбол фестивалі өтеді. Оған Қазақстанның түрлі қалаларынан 150 жеткіншек қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль 25 қазан – Республика күніне орайластырылып отыр.
Болашақта ұлттық құраманың мүшесі атанатын спортшылар салт-дәстүрмен қатар, елдің өткен тарихын және даталы күндерін білуі қашанда маңызды болмақ.
«Елорданың футбол федерациясы мен Астана спорт басқармасы 24 қазанда Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Семей және Астана қалаларынан 9-10 жас аралығындағы 150 бала қатысатын футбол фестивалін өткізеді.
Қатысушылар үшін шоу-бағдарлама, аниматорлар, тамақтану, буфет ұйымдастырылады.
Балалық шақты барынша түрлендіріп, қызықты ету – еліміздегі ауқымды өзгерістердің маңызды бөлігі. Болашақта турнир дәстүрлі және өзге де ауқымды іс-шаралармен байланыстырылады деп жоспарланып отыр», - делінген әкімдік мәліметінде.
Фото: Twitter
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через