фото: Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі
Редакциядан: Биыл жаз айында «Сапалы Қазақстан» (Standard.kz) порталының тілшілері журналистік зерттеу жүргізіп, қазақстандықтарға «Жігіттер әскери борышын өтеуге дайын ба?» деген сұрақ қойған еді. "Қазақстандық сапа және инновациялық менеджменттік ұйым" қоғамдық бірлестігі мен «Сапалы Қазақстан» порталы сауалнама қорытындысы бойынша Қорғаныс министріне хат жолдап, «Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі мерзімді қызметке қатысты қазіргі жағдай қандай?», «Қарулы Күштердің беделін арттыру үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?» деген өзекті мәселені көтерген еді. Министрліктен хат келді. Онда еліміздегі әскери қызметтің беделін көтеру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды істер жайлы баяндалған. Портал редакциясы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Мейрамұлы Ахмедиевке хатымызды жауапсыз қалдырмағаны үшін алғыс білдіреді. Қорғаныс министрлігінің қолға алған барлық игі бастамаларына сәттілік тілей отырып, хаттың толық нұсқасын жариялауды ұйғардық.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі: Қорғаныс министрлігі Сізден келген сауалды қарап, Қарулы күштеріндегі қазіргі жағдай туралы сұрақтарға жазбаша жауап жолдайды.
Ел Президентінің 5 мамырдағы бүкілармиялық кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасын әзірлеу жастардың бойында Отанды қорғау жөніндегі конституциялық борышты орындауға дайындығы мен санасын қалыптастыруға жаңа серпін береді.
Жүйелі түрде қабылданатын шаралар жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына оң әсер етеді және «ӨМІРІҢДІ САҚТА» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал етеді деп үміттенеміз. «ӨМІРІҢДІ САҚТА» бағдарламасы бірлескен бұйрықпен ресми бекітілгеннен кейін 9 ай өтті. Осы салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде біз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік – бұл сенім телефондарының, психологиялық көмек бөлмелерінің, ата-аналар чаттарының, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің, әскери полиция органдарының профилактикалық кабинеттерінің жұмысы, ахуалдық кейстерді пайдалану, казармаларды заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау. Цифрландыру үдерісі шеңберінде «Отбасылық бейнеқоңырау» сервистік жобасы табысты іске асырылуда, ол сарбаздарды туыстарымен және жақындарымен бейнебайланыспен қамтамасыз етеді.
Акция аясында сарбаздардың аналары комитетінің өкілдері әскери бөлімдерді аралады, сарбаздардың қызмет ету шарттарымен тікелей танысты, жергілікті жерлердегі істердің нақты жағдайын көрді, алған әскерлерін командирлерге айтты, ескертпелері мен өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Министрлікпен әскери қызметтің беделін арттыру бойынша басталған жобаларды іске асыру дәйекті түрде жалғасып жатыр.
Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңнан 39 мыңға дейін адам Отан алдындағы борышын өтейді, ал Қорғаныс министрлігі еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен білім беру жеңілдіктерін қамтамасыз ету тетіктерін әзірледі. Шамамен 80 университет қолдау көрсетті. Бүгінде оқу орындары 100% тегін білім алуға жеңілдік береді. Қыркүйек айынан бастап бұл бағдарлама бойынша 600 адам оқуға кірісті. Университет ректорлары қызмет еткен жігіттердің байыпты, әдепті және қалған жігіттерге жетекшілік ететін көшбасшы, табанды, батыл екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі түрлі жеңілдіктер беруге қатысты тағы бірнеше мәселемен айналысуда. Атап айтқанда, 5 жыл мерзімге әлеуметтік салықтан босату. Бұл әскери борышын өтеген жігіттердің әлеуметтік салық төлемей, лайықты жалақы алуы үшін жасалып отыр. Аталған жоба үкіметтің қарауында. Бұл жеңілдіктердің барлығы жастарды әскер қатарына шақырады. Соның мысалы ретінде әскери өмірдің қыр-сырын білуге ниет білдірген әскер қатарына шақырылғандар санының артуы осыны аңғартады. Биылғы жылдың маусым айында сарбаздарды 1500 орын бөлініп, жоғары оқу орындарына бірінші рет бөлу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айынан бастап 600-ден астам азамат оқуға кірісті. Қызмет еткен жастар сертификаттарын екі жыл пайдалана алады. Қазіргі уақытта жобаға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұлан мен ҰҚК Шекара қызметінің 200-ден астам әскери бөлімінен 45 мыңнан астам сарбаз қатысуда. Бұл жүйе барлық әскерге шақырылушыларды және олардың қызмет өткеру кезеңіндегі бағаларын көрсетеді және жүйе бір қойылған бағаны өзгертуге мүмкіндік жоқтығымен ерекшеленеді. Әскери қызметшінің барлық пәндер бойынша ағымдағы бағаларының рейтингі ай сайын көрсетіледі.
Үміткерлерді іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі: жауынгерлік дайындық; жеке тәртіп; арнайы міндеттерді толық орындау; психологиялық жағдайын бағалау. Әр сарбаз үш университетті таңдайды. Бұл кезеңде конкурстық іріктеуге 2022 жылғы күзгі шақырылымның 16 943 сарбаздары қатысуда. Мерзімді қызмет сарбаздарына несиелерін кейінге шегеру бойынша жұмыс жолға қойылды, қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен меморандум жасалды, іс-қимылдардың арнайы алгоритмі бекітілді. Жастарғаәскери-патриоттықтәрбие беру. Жастарымызды ата-бабаларымыздың қасиетті дәстүрлерін берік ұстанатын рухта,өз Отанымызды сүюге және жерімізді қорғауға тәрбиелеу қажет. Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы маңызды сәт – жастардың қандай қоғамда өмір сүретінін, болашақта не күтетінін және қандай бағыттарға назар аудару қажет екенін түсіну. Бұл тек армияда ғана емес, отбасында, мектепте, колледжде, университетте де жүргізілуі тиіс.
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі" мемлекеттік мекемесі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через