Елімізде арықтауға арналған қауіпті препараттар ашықтан ашық сатылып жатыр. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған дәрінің жарнамасы жер жарады. Оны тіпті дәріхана сөрелерінен оп-оңай алуға болады. Әлемнің көптеген елінде қара тізімге енген капсуланың денсаулыққа зияны қандай?
Биологиялық белсенді қоспа бұрын Қазақстанда да тіркелген. Бірақ 2021 жылы стандартқа сай емес екені анықталып, тіркеу күші жойылды. Десе де, бұл препаратты іздеген адам желіден оп-оңай тауып алады. Жеке тұлғалар оны емін-еркін саудалап жүр.
Қауіпті препаратты тұтынған Әлия өлім аузынан қалған. Семіздіктен арылуды ойлаған әйел, қалай сергелденге түскенін байқамай қалған.
Кейін қатты ауырдым. Салмақ тастадым 5 келідей. Асқазаным, бүйрегім бәрі ауыра бастады. Врачқа барып едім, дәрі ішкенімді айттым. Ол кісі біраз ұрысты. Құрамында зиян заттар көп екен. Әлия. Шымкент қалаының тұрғыны.
Салмақ тастататын дәрі-дәрмектің пайдасынан зияны көп -дейді дәрігерлер. Адамның қан қысымы көтеріліп, миға қан құйылады. Жүрек ұстамасы мен қалқанша безінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Тіпті өліп кетуі де ғажап емес.
Адам өзі ойлану керек қой, 5 мың теңгелік дәріні тұтынып, қалай азуға болады? Зиян екенін бағасына қарап та білуге болады. Мықты дәрі болса, ондай бағада сатылмас еді. Оның денсаулыққа зиян екенін көп әйелдер ескермейді. Оңай жолды таңдайды, бірақ түбінде ауруға айналады. Осы дәрілерді ішіп қаншама адам өліп жатыр. Жанель Ілияс - дәрігер.
Дәрігерлер арықтаудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы дұрыс тамақтану екенін айтады. Қауіпті препараттар артық салмақтан арылуға көмектеспейтінін ескертті.
Дереккөз Astanatv. Фото: windowman.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через