фото: Фото: pixabay.com
Негізі сау адам дәретханаға күніне бір рет бір уақытта барғаны дұрыс, бірақ кейбір адамдар әр тамақтанудан кейін үлкен дәретке шығады. Бұл қаншалық дұрыс? Колумбия университетінің дәрігерлерінің жауабын көрейік.
Мамандардың айтуынша, егер нәжістің консистенциясы қалыпты болса, бұл табиғи процесс. Өйткені ағзада тамақтан кейін дәретханаға бару қажеттілігін сезінуге жауап беру үшін тағамның қорытылуына табиғи реакция - гастроколикалық рефлекс пайда болады.
Ал белгілері диареяға ұқсайтын бос нәжіс айтарлықтай күрделі медициналық мәселені көрсетуі мүмкін. Бұл тітіркенген ішек синдромы, стресс, тамаққа аллергиялық әсер болуы ықтимал. Сонымен қатар, белгілі бір тағамдарды тұтыну жағдайды нашарлатуы мүмкін, сондықтан дәрігерлер диетаны бақылауды және ішек қозғалысы кезінде мұндай астан уақытша бас тартуды ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін дәретхана қағазын дұрыс пайдаланбау жүздеген инфекцияның пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін екені хабарланған болатын.
Дәретханаға барғаннан кейін қағазбен сүртінуден гөрі, сумен жуу бірқатар инфекция мен аурудың даму ықтималдылығын төмендетеді. Америкалық хирург Эван Гольдштейннің айтуынша, дәретхана қағазы құрғақ, қажағыш болғандықтан, оны пайдалану дәрет шығару жолдарын жыртып жіберуі мүмкін. Ал қағаздың сапасы төмен болып, оған қоса оны дұрыс қолданбасаңыз, тері тітіркеніп көтеу (геморрой) және өлімге әкеп соқтыратын инфекцияның пайда болуына ықпал етеді.
Ғалымдар дәретхана қағазының берік, сіңіргіш және жұмсақ түрін пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар, дәрет жолдарын қатты күш салып сүртпеу керек
massaget.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через