Эльдар Яғияев дүниежүзінде бірде-бір спортшы орындай алмаған көрсеткішке қол жеткізді. Ол турникке 35 келі жүкпен бірге тартылып, әлемдік рекордты жаңартты.
Осылайша, испандық спортшының 34,4 келі көрсеткішінен асып түсті.
Эльдар Яғияев 28 жаста. Ақтау қаласының тұрғыны бұған дейін де белтемірге 19 келі жүкпен тартылып, рекорд орнатқан болатын. Көшедегі воркаут алаңдарда жаттығып, шыңдалған жас жігіт бүгінде спорттың осы түрінен әлемнің 7 дүркін чемпионы. Ол қазір кезекті жарысқа дайындалып жатыр.
Эльдар Яғияев, спортшы:
Қазір барлық аулада және теңіз жағалауында турник бар. Сонда қысы- жазы, спортпен тегін шұғылдануға болады. Бәріне қолжетімді спорт түрі, ешқандай ақша төлем қажет емес. Сондықтан спортың осы түріне дамытып, оған жастар қызығушылығын оятсам деген мақсатым бар.
Фото: tr.pinterest.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через