фото: polisia.kz
Ақтау қаласында жаппай төбелес ұйымдастырған 76 жасөспірім полицияға жеткізілді, оның алтауы қамауға алынды. 56 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.
Балалар шиеленісі 27 қазан, сағат 23:00 шамасында 27 және 28-ші шағынаудандар арасында болды. Олар жол бойында бір-біріне тас, шөлмек бөтелкелер лақтырған.
«Ақтау қаласы полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 тұлға жеткізілді. Кәмелетке толмаған 56 баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылды», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасын қолдану арқылы қамауға алынған.
Дереккөз inform.kz. Фото polisia.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через