фото: 360tv.ru
Америкалықтардың көбі жалақының біраз бөлігін үй жалдау, ипотека, азық-түлік, дәрігерге қаралу және коммуналдық қызмет шығындарына жұмсайды.
Әсіресе газ, электр қуаты, су және кәріз төлемдеріне қыруар ақша кетеді.
Меруерт Жұмағұлова отбасымен 3 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Отбасылық бюджетті жоспарлаған кезде ол коммуналдық қызмет шығынын ай сайын жазып отырады. Америкада жылыту жүйесі көп жағдайда орталықтандырылмаған. Көптеген үйдің дербес жылыту жүйесі бар. Яғни қожайын үйдегі температураны өзі реттеп, қажетінше қосып, өшіре алады. Бұл жүйе қыста жылы, ал жазда салқын ауа үрлейді. Меруерт «бала-шаға болғандықтан, жылуды көп үнемдей алмаймыз», - дейді. Ал жазғы ыстықта желдеткішті пайдалануға мәжбүр. Осылайша шығын еселеп артады.
Бұған интернет, теледидар және мобильді байланыс қызметін қосыңыз. Сонда ай сайынғы шығын екі жүз доллар артады. Тұрғын үй кешенінің сапа деңгейі жоғары болған сайын пәтер иелері серіктестігінің міндетті төлемі көбейеді.
Коммуналдық шығын штатқа, үй немесе пәтерде тұрғанына, бөлме санына, климатқа, адам санына, қолданатын электрон құрылғыларға байланысты өзгереді. Мысалы, ай сайынғы коммуналдық төлем Гавайи мен Аляскада ең жоғары, ал Юта мен Нью-Мексикода ең төмен деп саналады екен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через