Қазақ масс-медиасындағы түрлі тақырыптарды қозғайтын алаң биыл басымдықты META жобаларына берді.
Анығы – Инстаграм, Facebook қосымшаларын қолдан келгенше ақпарат таратуда қолдану. Қажет болса, ТикТоктың да тілін түсініп, хабар алмасудың ескі әдісінен алыстап, заманауи тетіктерді телевизияға енгізу.
«Жаңа – дәуір – Жаңа медиа». Биылғы шара осылай аталады. «Жаңа дәуір» дегеніміз түсінікті, ал «Жаңа медиа» қалай қалыптаспақ?
Айбек Теміров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы: - Еліміздің тұрғындары мен аудиториясына бейімделген осы Ватсап, Телеграмм, TikTok желілерін қалай жүргіземіз? Оларды қалай пайдаланамыз? Қандай контент ұсына аламыз? Қандай бағыттар бере аламыз? Осылар «Media week – 2022» аптасында талқыланады. Өйткені МЕТА әлемі ол – жаңа бір құбылыс, жаңа бір әлем болып саналады.
Біздегі интернет тұтынушылардың 63% әлеуметтік желіні ақпарат алу үшін қолданады. Әсіресе 16-64 жас аралығындағылар. Media weekте «Метаға» мән берілуі содан. Байланысты нығайту мақсатында холдинг бізде өкілдік, ал TikTok кеңсе ашатын болды. Анастасия Панина, «TikTok Kazakhstan» компаниясының болашақ басшысы:
- Осы күзде біз Қазақстанда өз кеңсемізді ашамыз. Мемлекетпен жұмыс істеуге әзірміз. ТикТок-тағы контент енді жеңіл ғана емес, пайдалы да болады.
«TikTok» компаниясы осыған дейін Kazakh Tourism-мен бірге «Travel Kazakhstan» жобасын іске асырған. Нәтиже жаман емес. Елдегі туристік аймақтар туралы бейнежазба 20 млн-нан астам қаралым жинады. Дәл осындай тетіктерді енді білім саласында да сынап көрмекпіз.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Енді ақпарат виртуалды форматта жасалып, тарайды. Балаларымыз екіге жарылған қос әлемнің ортасында жаңа виртуалды шынайылыққа үйреніп кеткен. Яғни олар – жаңа вируталды ақпаратты қорытуға дайын буын. Мәдениет, құндылықтар өзгеріп жатыр, сондықтан біз де ақырындап дайындықты бастадық.
Десе де медиа апталықтың басты жаңалығы басқа. МЕТА холдингінің өкілдері теңдессіз жобаларын таныстырды. Әлемнің басқа түкпіріңдегі шаруаңды үйде отырып-ақ тындыруға болады.
Айдана Үсенбай, журналист:
- Ол үшін бар-жоғы мына көзілдірікті киесіз. Сөйтіп экран алдына жайғасасыз. Қазір менің кеңсем шығады. Алдымда компьютерім, тіпті мен жұмыс істейтін бағдарламалар да бар. Бұл жүйеге бір мезетте 25 адам қосыла алады. Ал мына құрылғы менің іс әрекетімді қайталайды. Енді ойлаңызшы, сіз кеңсеге бара алмай, ауырып қалсаңыз, дәл осылай үйде отырып-ақ жұмыс істей бересіз.
Бұл жоба әсіресе пандемия барысында өз тиімділігін көрсетіпті. Мамандардың айтуынша, дәл осындай жолмен ақпарат алмасушылар саны алдағы 10 жылда 1 млрд адамға жетпек.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/570246-astanada-media-week-2022-aptasy-tip-zhatyr
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через