Аптап ыстықта қалай тамақтану керек?

Аптап ыстықта қалай тамақтану керек?

               Дәрігерлер ыстық күнде негізгі диета таза су, көкөніс пен жемістерден тұруы керегін айтады. Олардың айтуынша, күннің қатты ыстығында дененің су-тұз теңгерімін бақылау керек. «Ыстық ауа райында таза су ішіп, қантты және газдалған сусындардан бас тартқан абзал. Кофенің де мөлшерін асыра пайдаланбаңыз. Алкогольді де ішпеген дұрыс. Өйткені ішімдік адам ағзасындағы терморегуляцияны бұзып,жүрек-қантамыр жүйесіне шамадан тыс күш түсіреді» -- дейді мамандар. Сондай-ақ, дәрігерлер  майлы ет тағамдардан гөрі, күн ыстықта жеңіл сорпа, салаттар мен сүт өнімдерін пайдалануға кеңес берді.