Анар қабығының таңғажайып қасиеттері

Анар қабығының таңғажайып қасиеттері

       Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен.
       Жүрек ырғағының бұзылуы: 2 ас қасық анар қабығына 250 мл. қайнаған су құйып, 30 минут тұндырыңыз. Содан кейін 1 ас қасық бал қосады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны күні бойы, қалауыңызша іше беруіңізге болады.
Тері түлеуі немесе жарылуы: ұнтақталған құрғақ қабығын зақымдалған жеріңізге себіңіз.
       Бүйрек қабынуы: 2 ас қасық кептірілген қабығын ұнтақтап, үстінен 250 мл. қайнаған су құйыңыз. Оны су моншасында 30 минут қайнатады. Сүзіп алып, азырақ қайнаған су (жалпы 250 мл. болғанша) қосыңыз. Мұны күніне 4 рет, тамақ алдында 50 мл - нан қабылдаңыз.
       Созылмалы жөтел: анар қабығын шай секілді қызғылт түске боялғанша демдеңіз. Бал қосып, аз - аздап ішіңіз. Мұны жарты стаканнан, күніне 2 рет ішеді.
       Күйік: Алдымен күйік орнына анар шырынын (сөлін) жағыңыз, үстінен ұнтақталған құрғақ қабығын себіңіз. Көп ұзамай ауырсынуы басылады.