Америкалық жазушы Гарри Грэйдің «Бір кездері Америкада» кітабы қазақ тілінде жарық көрді.
Оны Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы демеушілер есебінен тәржімалады. Осылайша әлемдік бестселлер қазақ оқырмандарына қолжетімді болды. Детектив жанрындағы роман әлем жұртшылығына жақсы таныс. Шығарманы Рымбала Смаилова аударған. Қазір 200 данамен шыққан кітап облыстың барлық кітапханасына таратылады. Бұл тілдер орталығы тәржімалаған екінші бестcеллер. Осыған дейін детектив жанрындағы «Өкіл әке» кітабы да қазақ тіліне аударылған еді.
Рымбала Смаилова, аудармашы:
- Мен 6 айдай аударғаныммен, менің үстімнен екі редактор қарады. Олар да тер төкті. Маған мына бандиттердің сөздері, өз тілінде сөйлейді, гангстерлердің әрекеттері. Соған қатты қиналдым да бояп қойдым да, редакторлар сендер қараңдар дедім. Сондай қиындықтар болды.
Алмагүл Игенова, жоба жетекшісі:
- Бұл жоба 2022-ші жылдың басында қолға алынды әлем әдебиетінде таралымы, оқырманы көп алғаш 100 кітап қатарына кіреді. Жалпы кітаптың ерекшелігі жастарға болсын, кім кімге оқуға кеңес береміз, бастан аяқ бір демде оқұылатын қызықты кітап. Жастарға берері көп.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через