фото: ашық көздерден
Америкалық хоккейші Адам Джонсонның тамағын матч кезінде коньки тіліп кетіп, мұз үстінде мерт болды.
Ағылшынның «Ноттингем Пантерз» клубы құрамында сенбі күні матчқа қатысқан Джонсон матчтың екінші кезеңінде қарсылас команда ойыншысымен соқтығысып қалып, мойны жараланған.
«Шеффилд Стилерске» қарсы ойын 35-ші минутта тоқтатылды, себебі 29 жастағы америкалық медицина қызметкерлерінің жедел көмегіне мұқтаж еді.
Жанкүйерлерден Шеффилдтегі аренаны босатуды сұрады. BBC Sport хабарлауынша, залда 8000 көрермен болған.
Джонсонның командаластары оны «дарынды хоккейші болды» деп сипаттап, қайғыдан қан жұтып отырғандарын мәлім етті.
- «Ноттингем Пантерз» кеше кешке Шеффилдтегі ойында қайғылы оқиға салдарынан Адам Джонсон қаза тапқанына қайғырып отыр, - деп мәлімдеді команда жексенбі күні.
«Ноттингем Пантерз» Англия жоғарғы лигасында, Элиталы хоккей лигасында ойнайды. Олар кеше жексенбіге жоспарланған ойынның бәрі кейінгі шегерілгенін хабарлады.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через