Алжудың ерте білінетін белгісі

Алжудың ерте білінетін белгісі
фото: алаш айнасы

Алжудың ерте білінетін белгісі

Күндіз ұйқы басып жүрсе, бұл алжудың белгісі болуы мүмкін екенін ескертеді мамандар. Білікті мамандардың сөзіне қарағанда, жасы егде адамдар арасында осындай белгісі барлардың Альцгеймер ауруына шалдығу қатері жоғары болып келеді.

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күндіз бір сағаттан артық уақыт ұйықтаған адамның алжу қатері бір сағаттан кем ұйықтаған адамға қарағанда 40 пайызға артады.

Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізілді: конгнитивті қабілеті (есте сақтау, назар салу, т.б.) жақсы адамдардың күндізгі ұйқысы жылына орташа есеппен 11 минутқа артқан.

Ал конгнитивті қабілеті аздап төмендегендерінің күндізгі ұйқы ұзақтығы екі есеге өсіп, 24 минутқа ұзарған.

Ал Альцгеймер ауруына шалдыққаны анықталғандар арасында бұл көрсеткіш 68 минутқа жеткен.

Әлбетте, ғалымдар күндізгі ұйқының алжуға себеп бола алмайтынын, алайда, алжудың алғашқы белгісі болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Алжуға қарсы тұру үшін көп ізденіп, мидың белсенділігін қажет ететін интеллектуалды тапсырмаларрды орындауға кеңес береді.