Кей әдістер ақ алтынды тазартуға жарамайды.
Кез келген алтын бұйым уақыт өте келе қараяды. Бұл алтын құрамындағы лигатурды тот басуымен байланысты. Оны әдетте алтын бұйым қатып тұруы үшін қосады. Мұнымен қатар, теріден бөлінетін заттар, ыдыс жуатын құралдардың қалдығы, косметика – бәрі алтын бұйымда қалып қояды. Үйде алтын бұйымдарыңызды қалай тазалау керегін білмесеңіз, төмендегі 5 әдісті қолданып көріңіз.
Мүсәтір спирті
Бұл спирт керек кезде адамға есін жиюға көмектесіп қана қоймай, алтын бұйымдарды да тазарта алады. Ол үшін:
- бір стақан суға 5-7 тамшы мүсәтір спиртін тамызыңыз;
- алтын бұйымдарды осы қоспаға 30 минутқа салыңыз;
- кейін бұйымдарды ағып тұрған сумен шайыңыз;
- бұйымдарды кептіріп, кейін арнайы микрофибрадан жасалған майлықпен жылтырағанша сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Мүсәтір спиртін пайдаланған соң бөлменің ауасын жақсылап тазарту керек.
Сірке суы
Бұл әдіспен сары және қызыл, тастары жоқ алтынды ғана тазалай аласыз.
- 9 пайыздық сірке суын суға құйып, жақсылап араластырыңыз;
- бұйымдарды осы қоспаның ішіне 5-10 минутқа салып қойыңыз;
- кейін бұйымдарды жылы сумен шайыңыз.
- жартылай кепкен бұйымдарды микрофибра, фетра немесе фланельмен жақсылап сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Ақ алтынды сірке суымен тазаламаған жөн.
Тіс пастасы
Ешқандай артық қосындысы жоқ тіс пастасын алыңыз. Өйткені, ағартатын әсері бар тіс пастасы металды сырып кетуі мүмкін. Түссіз гельге ұқсас түрі ыңғайлы.
- пастаны материалдан жасалған майлыққа жағыңыз;
- кейін бұйымды осы майлықпен сүртіңіз;
- бұйымды ағып тұрған судың астында жуыңыз;
- бұйымды шүберекпен кепкенше сүртіп, кейін микрофибра, фетра немесе фланельді қолданыңыз.
Көз линзаларына арналған құралмен тазалау
Линзаны сақтауға арналған сұйықтық та алтын бұйымды тазартуға көмектеседі. Бұл үшін осы сұйықтықтың ішіне алтын бұйымды 1-2 сағатқа салып қою қажет. Ол барлық ақуыз қалдықтарын ерітеді. Кейін бұйымды ағып тұрған судың астында жуып, микрофибра майлығымен сүрту жеткілікті.
Алтынды лимон қышқылымен тазалау
Бұл әдіспен сары және қызыл алтынды ғана тазалаған жөн.
- 200 мл суға ¼ қасық лимон қышқылын салып араластырыңыз. Кристалдардың толықтай ерігеніне көз жеткізіңіз;
- алтын сырға, жүзік және алқаны ішіне 5-7 минутқа салыңыз;
- бұйымдарды ағып тұрған судың астында жуыңыз;
- алтын бұйымдардың кепкенін күтіңіз немесе матамен сүртіп кептіріңіз. Әбден кепкен соң микрофибра, фетра және фланельмен сүртіңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через