фото: pixabay.com
Қалада кене қаптай бастады. Наурыз айының басынан бері аталмыш зиянкестер шаққан 135 адам дәрігерлерге жүгінген. Оның тең жартысы балалар. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сақтық шараларын қатаң сақтау дәл қазірге жағдайда өте маңызды, дейді мамандар.
Ең жоғары белсенділік сәуір-мамыр айларында байқалады. Бірақ кенеге қарсы емдеу шаралары наурыз айынан бастап та жүргізіледі. Мамандар жақын күндері екі мың гектарға жуық аумақты алып жатқан тоғыз орман алқабында, жүз саябақ пен сквер аумағына дезинфекциялау жүргізеді.
Фото pixabay.com.
Эпидемиологтар табиғат аясына шықпас бұрын қалың матадан тігілген жабық киім киюді ұсынады. Ал кене шаққан жағдайда медициналық мекемеге жүгіну қажет.
Негізгі белгілері: дене қызуы көтерілуі, қалтырау, летаргия, жүрек айну және ісіну.
Бибігүл Нұрғалиева, Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы: — Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдістерінің бірі — кене энцефалитына қарсы вакцина. Екпе мханаларында тіркелу, тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізіледі. Кенеге қарсы екпе үш дозадан тұрады.Бірінші және екінші екпені қысқы айларда жүргізген дұрыс. Өйткені ағзада кене энцефалитіне қарсы имунитеттің қалыпсауы үшін. Бұл екі екпенің аралығы бір айдан үш айға дейін созылады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через