Алматыда кене қаптады. Эпидемиологтар қауіпті індет тарататын улы жәндіктен сақтануға шақырады. Әсіресе демалыс күндері табиғатта демалуды жөн көретіндерге кенеден келер қауіп көп. Мамандар кене шаққан жағдайда бірден Ұлттық сараптама орталығына жүгінуге кеңес береді. Энцефалиттің бар-жоғын сынама тапсырып қана анықтай аласыз.
Тау бөктеріне, саябақта серуендеуге жабық киім киген жөн. Зинякестер маусым айының соңына дейін белсенді болады. Кей жағдайда оның шаққанын адам сезбей де қалуы мүмкін. Тістеген жеріне сіресіп жабысып алса, оны тек дәрігердің көмегімен залалсындыруға болады. Алматының инфекциялық стационарында ауыр хәлде жатқан науқастар жоқ. Кене шаққандардың дені амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Жалпы сәуір айының басынан бері Алматыда 40 тұрғынды кене шаққан. Арасында балалар жоқ.
Алматы қаласы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаровтың біздің тілшімізге хабарлағанындай, ауруханаға келген 40 адамның бәріне кене иммунно глобулині салынған. Алматыда кене шағу ықтималы жоғары аудандарды біле жүрген жөн. Олар: Көктөбе, Бутаковка, Медеу, Алмарасан шатқалдары.
Естеріңізде болсын! Кене наурыздан қазан айына дейін белсенді.
Фото: nnovgorod.bezformata.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через