Алматылықтар 25 мамандық бойынша тегін курстарда оқып, стипендия алады

Алматылықтар 25 мамандық бойынша тегін курстарда оқып, стипендия алады

Алматы қаласындағы жұмыссыз азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіби курстардан өте алады.

Биыл Алматыда қысқа мерзімді курстарда 600-ден астам адамды оқыту жоспарланып отыр.

«Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында 25 мамандық бойынша оқытуды ұсынатын қаланың 24 оқу ұйымы жұмыспен қамту орталығымен бірге жұмыс жасауға дайын. Жұмыспен қамту орталығы, оқу орталығы, жұмыс беруші мен курс тыңдаушысы арасында төрт жақты келісімшарт жасалады. Курстар аяқталған соң тыңдаушыларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі». Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

Оқу мерзімі - үш ай. Оқу кезінде курс тыңдаушысына 20 мың 948 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Курс аяқталған соң, тыңдаушыға сертификат беріліп, жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі.

Курстарға жазылып, оқудан өтуге тек Алматы қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген жұмыссыз азаматтар ғана өте алады.

Курстарға жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.

Фото: voxpopuli.kz