Алматы тұрғыны 5 жылда алты тілді меңгерген. Қазір 17 жастағы Ақтоты Асанова қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, француз және испан тілдерінде еркін сөйлейді, - деп хабарлайды"Хабар 24" телеарнасы.
Жақында полиглот қыз әлемнің жетекші университеттерінен оқуға шақырту алған. Ол Пекин тіл және мәдениет университетін немесе Измирдегі Эге университетін таңдауы мүмкін екенін айтты.
Бәрі Ақтотының Жаркенттен Алматыға көшуінен басталған. Ол кезде қыз 12 жаста болған және тек қазақ тілін білген. Мегаполисте ол орыс тілін үйрене бастаған. Бір жылдың ішінде тілдің лексикасы мен грамматикасын жетік меңгеріп алады. Тағы екі жылда ағылшын және түрік тілдерін дәл осылай меңгереді. Сонда Ақтоты тілге деген құштарлығы мен есте сақтау қабілеті бар екенін түсінеді.
"Сосын мен қытай тілін үйренуді шештім. Оны бір қызығы 8 айда үйрендім. Қанша жүйкемді тоздырдым, осының кесірінен үш рет ауруханаға бардым. Бірақ нәтиже анық. Ештеңеге өкінбеймін. Қытай тілінен кейін француз тілін үйрене бастадым", - дейді Ақтоты Асанова.
Одан кейін Ақтоты испан тілін үйренген. Оған да бір жыл қажет болды. Қазір араб тілін меңгеріп жүр. Ол бар білімін игілігіне қолданып жүр: 15 жасынан бастап тіл орталығында сабақ береді.
"Әрине, дипломды алғаннан кейін мен Қазақстанға оралып, Қазақстанда білім беруді дамытқым келеді. Бұл менің басты мақсатым. Өйткені шетелде жұмыс істеп, жетістікке жету бекер, себебі мен Қазақстанда тудым. Мен өз елімнің патриоты ретінде Қазақстанға оралуым керек", - деді Ақтоты Асанова.
Оқу бітірген соң Ақтоты еліміздегі ең үлкен тіл мектебін ашпақ. Ол 30 тілді үйренуді жоспарлап отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через