Әлеуметтік желіде лайға батқан техниканың видеосы пайда болды. Үш экскаватор лайдан шыға алмай қалған.
Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің мәліметінше, күрт жылынып, еріген су көлемінің ұлғаюына байланысты топырақ жұмсарған.
"Сайран су қоймасының түбін механикалық тазалау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан нысанда үш экскаватор тұрып қалды. Мердігермен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пайдалану бойынша ұсыныстар берілді", – делінген хабарламада.
Батып қалған техникалар шығарылады. Бұл жұмыстар 13 наурызға дейін аяқталады, деп сендірді әкімдік.
Бұған дейін Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталғаны хабарланған болатын. Көлдің түбі мен жағасын лай, қамыс пен қоқыстан механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі: Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через