фото: https://pikabu.ru
Бұл туралы Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков мәлімдеді.
"Қазақстанда докторлық диссертация қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын және қаладағы көптеген ғимараттар сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын еместігін айтты.
Әсіресе, Алматыдағы ескі телемұнаранының жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізді. Жапондар Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне бізден көбірек алаңдайды", – дейді Жүсіпбеков.
Алматының тағы бір символы "Қазақстан" қонақ үйі 1970-жылдары жер сілкінісіне дайындық сынынан өткен. Эксперимент нәтижесі бойынша қонақ үйдің сегіз баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатыны анықталған.
"Ғимараттың пішіні сопақ, өте берік құрылым. Ол бірнеше жер сілкінісіне төтеп берді. Бұл ғимаратта сызаттар пайды болды дегенді естіген емеспін", – деді сейсмолог Мұхтар Хайдаров.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через