Биыл Алматыда КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, «Халық қаһарманы» Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі тұңғыш рет өтіп жатыр.
Роза Бағланова ұзақ жылдар бойы Алматыда еңбек еткен. «Қазақтың бұлбұлына» қанат бітіріп, музыка өнерінің биігіне шарықтауына шабыт берген Алматы қаласы десек, артық болмас. Сондықтан «Қазақ концерттің» шығармашылық ұжымы Роза Тәжібайқызын ерекше жақсы көрген Алматы қаласындағы бірқатар мәдениет ұйымдарында ауқымды мерекелік шаралар өткізуді бастап кетті.
Фестиваль шымылдығы 25 қыркүйеккүні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Біздің жәрмеңке» аттыд әстүрлі музыка концертімен ашылды. Концертке Ұлттық өнер орталығы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының солистері мен ұжымдары, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен «Гүлдер»ансамблінің жаңа құрамы қатысты.
27 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Классикалық музыка жауһарлары» атты классикалық музыка концерті сәтті өтті. Концертте ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі «ForteTrio» мемлекеттік триосы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтыргузов, Бибігүл Жанұзақ, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айгерім Алтынбек өнер көрсетті.
Өнер фестивалінің аясында «Аlmaty Theatre» ғимаратында 6 қазанда Әлім Бейсембаевтың Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттікак адемиялық симфониялық оркестрімен бірлескен концерті өтеді. Оркестрге Қанат Омаров дирижерлік етеді. Концерттің басталуы 19:00-де.
Әлім Бейсембаев –саусағынан саз тамған шебер пианист, өнер жолында ғарыштық энергиясы бар тамаша музыкант, ерекше дарын иесі,Ұлыбританияның Лидс қаласында өтетін аса беделді Халықаралық пианистер байқауының тарихындағы Бірінші сыйлықты жеңіп алған тұңғыш қазақстандық-лауреат, Уотерман Алтын медалінің иегері, Royal College of Music магистрі.
Әлім Бейсембаев 5 жасынан бастап музыкамен айналысып келеді. 2008 жылы «Щелкунчик» халықаралық телевизиялық байқауында жеңімпаз атанып, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Орталық музыкалық училищесіне оқуға түседі. 2010 жылы Англия мемлекетіне көшіп барып, Перселл жас музыканттар мектебінің оқытушысы Тесса Николсоннан білім алады. Пианист Әлім Бейсембаев Ван Клиберн атындағы жас пианистерге арналған I халықаралық байқаудың жеңімпазы, Лист және Веймар қалаларындағы халықаралық жасөспірімдер және Манчестердегі пианистер байқауының лауреаты атанған.
Айта кетейік, Әлім Бейсембаев Астана тұрғындары үшін 8 қазан күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – көрнекті скрипкашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсахаджаева.Оркестрге белгілі маэстро, ерекше дирижерлық мәнері бар Днепропетровск филармониясы симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Айдар Торыбаев дирижерлік етеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через