Алматыда "Ю" сыныбының мәселесі қалай шешілді?

Алматыда "Ю" сыныбының мәселесі қалай шешілді?

       Білім және ғылым министрінің мәлімдеуінше, барлық білім беру ұйымы тұрақты және штаттық режимде жұмыс істейді.

       Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Білім және ғылым нысандарын аралап, кездесулер өткізді. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды. 

       Сондай-ақ, министр 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген №206 мектеп-гимназияға барып, қызметімен танысты.

       "Бұл – мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған нысандардың бірі. Жанындағы мектепте қабылдау қорытындысы бойынша 1 сынып оқушылары көп болды, "Ю" сыныбына дейін. 1 800 оқушыға арналған тағы бір мектептің пайда болуы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектесті", – деп жазды министр.

       Асхат Аймағамбетов мектептегі әріптес-педагогтермен әңгімелесіп, химия, биология, физика пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын және оқу процесін жақсарту идеяларын талқылаған. Министрдің мәлімдеуінше, барлық білім беру ұйымы тұрақты және штаттық режимде жұмыс істейді.