Алматыда 17 тамызда педагогика қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық секциялық отырысы өтеді.
Биылғы тамыз конференциясының тақырыбы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикық сүйемелдеу» болады.
Конференцияның негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арнайы және инклюзивті білім алуының өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, арнайы білім беру үшін педагог кадрлар даярлау, білім беру қызметтерінің сапасын қорытындылау мәселелері. Сонымен қатар, бұл педагогикалық қоғаммен диалог болады. Іс-шараға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік басшылары, сарапшылар мен ата-аналар қоғамының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары мен презентациялар өткізеді.
Елімізде бүгінде 457 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде облыстар мен қалалар бойынша арнайы мектепке дейінгі ұйымдар – 45, арнайы мектеп ұйымдар – 99, психологиялық-педагогикикалық түзеу кабинеттері – 213, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер – 87, оңалту орталықтары – 13.
Ал ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда, жалпы білім беретін ұйымдар жанындағы арнайы топтар мен сыныптарда да жүзеге асырылады.
Дереккөз Қазақпарат. Фото aznakaevo-rt.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через