Әлеуметтік желілерде Алматыда түн ауа белгісіз қосынды шашып жүргендердің фото суртеттері мен видеолары желдей есіп жүр. Көпшілік оны қала тұрғындарының уланумен байланыстырады. Шындығына келгенде ол жасыл табиғатты өңдеу жұмыстары.Әрине түнде шашуының да себебі бар, біріншіден күндіз күннің сәулесі химикаттың әсерін төмендетеді. Екіншіден себілетін дәрінің исі бес метр аралыққа дейін білінеді,-деп түсіндірді Алматы жасыл экономика басқармасының бастығы Наталья Ливинская. Басшы бұл қоспаның адамға да, жан-жануарға да, құсқа де еш зияны жоқ екенін растап отыр.
Қаладағы жасыл желектердің жапырақтарының түсі қоңыр түске не себепті өзгергеніне де түсініктеме беріп өтті. Яғни, соңғы екі жылда зиянды жәндіктердің келтірген залалы бойынша көптеген фактілер анықталғанын айтты.
Жалпы Алматыда зиянды жәндіктердің негізгі үш түрі, емен ағашында, шырша мен каштанда өмір сүреді. Қалалық жасыл экономика басқармасы екі жылдан бері ошақтарды азайту мақсатында бар күш-жігерін салуда.Былтырғы жылы зянкестер ошақтары Абай, Назарбаев, Достық даңғылдары бойында, бірнеше саябақ аймақтарында, сондай-ақ Әуезов пен Жетісу аудандарында тіркелді.Бүгінгі таңда жасыл кеңістіктер институтымен кеңесіп, жұмыс жасай отырып, холдинг қорытындысы бойынша біздің елдегі індеттер 30%-ға төмендегенін анықтадық", – деді Ливинская.
Оның айтуынша, жасыл экономика бөлімінің қызметкерлері Қырғызстан мен көрші елдердегі әріптестерімен бірнеше рет кездесіп, тәжірибе алмасып, бұл елдерде ағаштар өңделетін тыңайтқыштар мен заттардың құрамы шамамен бірдей екенін білген.
Өткен жылы зиянкес жәндіктермен жүргізілген күрес нәтижесінде 23 ошақ анықталған. Олардың саны қанша төмендегені зиянкестермен күресудің бес сатылы нәтижесі бойынша қазан айында белгілі болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через