Афиша

Бөлісу

Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

23-26 қараша аралығында Алматыда Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді.

Шараның мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында orkestrkurmangaz@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Дернеккөз ҚазАқпарат. Фото: massaget.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через