Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді
фото: https://sputnik.kz

Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

Сәби №2 қалалық перзентханасында дүние есігін ашты.

Қызметкерлер баланың салмағы ауыр болатынын алдын ала болжаған. Соған орай дайындық жұмыстары да жүргізілді.

Дегенмен мамандар оның салмағы алты келіден астанын білген жоқ. Сәби 6 келі 20 грамм болып дүниеге келген.

"Біз баланың салмағы 6 келіден асады деп ойламадық. Жүктілік кезеңіндегі ультрадыбыстық зерттеу сәбидің салмағы төрт килограмды көрсеткен. Алайда УДЗ арқылы нақты салмақты анықтау мүмкін емес. Бала кесарь тілігімен емес, табиғи жолмен дүниеге келді",- деді перзентха дәрігері.

Баланың анасы 23 жаста. Бұл оның екеніші сәбиі. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы.

Мәтіндегі ақпарат туралы