Афиша
Автор: Оскенбай Кенже

Бөлісу

Алматыда «Қарагөз» трагедиясының премьерасы өтеді

Алматыда «Қарагөз» трагедиясының премьерасы өтеді

М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2022 жылдың 11 қазан күні  жазушы,  драматург Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған 97-театр маусымының ашылуына байланысты  «Қарагөз» трагедиясының премьерасы өтеді. Режиссері – Елік Нұрсұлтан.

       Жаңа маусымның ашылуына байланысты сағат 17.00-де баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға  М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі  А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Е.Жуасбек, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының режиссері  Е.Нұрсұлтан, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының қоюшы-суретшісі  М.Сапаров және М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыс қатысады.

         Ал  сағат 18.00-де Ұлттық театрдың мұражай қорынан М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және Ұлттық театр» көрмесі өтіп, маусым шымылдығы сағат 18.30-да М.Әуезовтің «Қарагөз» премьерасымен ашылады.

«ҚАРАГӨЗ». Атақты «Қарагөз». Оны әр ұрпақ өзінше зерделейді. Бүгінгі таныммен, бұл –  аталас жақындығы бар Қарагөз бен Сырымның ұлттық дәстүрге кереғар махаббат трагедиясы ғана емес, уақыт пен қоғам трагедиясы. Жан шырылын ешкім естімей, Қарагөз ақыры өмірден  баз кешеді... Әрқайсысының өз шындығы бар кейіпкерлер бәрі жеңіліс табады. Неге? Мұншалықты қасіретке жол бермеу мүмкін бе еді? Адамның жан дүниесіне терең үңілтетін қойылым бүгінде аса өзекті өзге де күрделі сауаларды алға тартады.

Мәдени шара барысында  жаңа қойылымның бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелер талқыланып, сонымен қатар әкемтеатрдың жаңалықтары және алдағы жоспарымен таныс боласыздар.

Ұлттық театрдың жаңа маусымының ашылуына байланысты ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатына қатысып, ақпараттық қолдау білдірулеріңізді сұраймыз.

Фото: wildticketasia.com

 

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через