Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты.
«Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта біздің еңбек нарығында сұранысқа ие бес сала бар: медицина, фармацевтика, білім беру, тәрбие, өндіріс. Қазір талапкерге мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде кеңес беру өте қиын, өйткені еңбек нарығындағы сұраныс тез өзгеріп жатыр», - деді ол брифинг барысында.
Оның айтуынша, әсіресе IT-технология саласына сұраныс жоғары.
«Бізде медицина мен білім саласында бос орындар жиі болады. Сондықтан мен біздің талапкерлерге осы мамандықтардың бірін таңдауға кеңес берер едім», - деді спикер.
Диляра Иманқұлова қазір қашықтан жұмыс істейтіндердің саны артқанын айтты. Елімізде жыл сайын болашақ мамандықтардың атласы жасалады.
Айта кетейік, бүгінгі күні 13 460 алматылық жұмыссыз ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через