фото: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін хирургиялық емес емдеу-радиожиілікті абляция алғаш рет енгізіледі.
Ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Түркістан және Жамбыл облысынан келген екі науқасқа аз инвазивті операция жасалады. Екі науқасқа да уытты емес бір түйінді зоб диагнозы қойылған.
«Қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудің бірегей, аз инвазивті әдісі – радиожиілікті аблацияны енгізу біздің пациенттерге хирургиялық араласусыз қалқанша безінің түйіндік түзілімдерінен арылуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
Аз инвазивті операция жасауға алматылық дәрігерлерге Астана қаласынан интервенциялық онкорадиолог Нияз Малаев көмектеседі.
«Радиожиілікті аблация – ісік тініне әсер етудің заманауи әдістерінің бірі. Оның мақсаты - ісікті толығымен жою, осы әсердің нәтижесінде қалқанша без түйіндерінің патологиялық жасушалары жойылады, бездің сау тіндеріне зақым келмейді», - деп атап өтті Нияз Малаев.
Дәрігердің айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстанда қалқанша безінің қатерсіз түйіндік ісіктерін хирургиялық алып тастауды қамтитын стандартты терапия қолданылған.
Бұл әдістің артықшылығы – аз инвазивтілік және процедураның қысқа мерзімділігі, жақсы терапиялық әсер және асқынулардың болмауы. Алдағы уақытта ғылыми-зерттеу институтында мамандар даярлауды және көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, қалқанша безінің қатерсіз түзілімдерін радиожиілікті абляция жүргізуді жоспарлап отыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через