Алматы қаласында жалпы ауданы 2424,54 га аумақта кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмысының екінші кезеңі басталды.
Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Standard.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, өңдеу жұмыстарымен 8 орманды алқап (1904,924 га) және 144 қала саябағы (519,616 га) қамтылады.
Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмысының екінші кезеңі ауа райына байланысты кестеге сәйкес 10 маусымға дейін жүргізіледі.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында, ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық және биологиялық әдістері бар.
Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көлікпен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.
«Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит» акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатқа жатады (3-4 топ). Кенемен күреске ең аз доза қолданылады және ол адамдар мен жануарларға қауіпсіз. Өңдеу жұмыстары таңғы уақытта жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекарасында ескерту белгілері орнатылады», - ген қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Дезинсекциялық өңдеуге байланысты қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала қонақтары мен тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
- жерге шашыраған препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жүргізілген жерге жібермеу керек;
- өңдеу жұмыстары жүргізілген жерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидек жинауға және пайдалануға болмайды;
- қала тұрғындары мен қонақтары кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілген кезде және одан кейін үш күн ішінде қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға бармауы керек.
Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі.
Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады. Мысалы:
- Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелкрде қолдануға тиым салынады.
- Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар – балалар мекемелерінде, емдеу мекемелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында және тұрмыстық жағдайда қолдануға болмайды. Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы керек.Соңынан міндетті түрде желдету және жинау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
- Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген бөлме жағдайында маманның қатысуымен қолданылады.
- Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жағдайда қолданылады.
Алматыда өткен айда 40 адамды кене шақты. Алматыда кенеге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі 5 сәуірде басталған.
Фото: www.green96.ru, yandex.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через