Алматыда бейнекамера көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған

Алматыда бейнекамера көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған
фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматыда бүгінгі күні 139 мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар көпқабатты үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда және басқа да нысандарда орнатылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 718 қылмыс ашылып, 1 597 191 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ Алматыда бүгінгі күні барлығы 138 875 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр:

- оның ішінде оның 5 752 бейнекамера «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлерге;

- қала жолдарында 9 657;

- білім беру нысандарында 19 078;

- денсаулық сақтау нысандарында 3 071;

- спорт нысандарында 1 932;

- қоғамдық орындарда 1 746;

- әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 744;

- Метрополитен мен қоғамдық көліктерде 1 337 бейнекамера орнатылған.

ҚазАқпарат