фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Алматыда аса дарынды қылқалам шебері, біртуар суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған мерейтойлық көрме ашылды.
Экспозицияға Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан 300-ден астам көркем және графикалық туындылары қойылған. Суретшінің бай мұрасы еліміздің көркемсурет өнерінің алтын қоры саналады.
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы – Кеңестік Қазақстанның көркем шежіресі. Бұған «Түрксіб», «Талас өлкесі», «Қапшағай даласы», «Ақсай карьері», «Медеу» картиналары дәлел. Ал суретшінің шығарма желісімен, кейіпкердің әңгімесімен салған картиналары шынайылығымен ерекше, - дейді өнертанушылар. Мәселен, революционер Әліби Жангелдиннің әңгімесі арқылы салынған «Ленинмен кездесу» картинасында ұсақ детальдар да суретшінің қаламынан тыс қалмаған. «Бүркітші» картинасында да суретші әсірелеуден гөрі дәлдікке басымдық берген.
Мерейтойлық көрмеге суретшінің түпнұсқа еңбектері қойылған. Олардың қатарында көрермен назарына көп ұсынылмаған шығармалар да бар. Сондай-ақ суретшінің жоғалып кеткен картинасына жасалған эскиз де көрмеден орын алған.
Қазақтың ою-өрнегі – Әбілхан Қастеевтің шығармашылығының тағы бір ерекше бағыты. Көрмеде суретшінің эскизі бойынша жасалған кілемдер де көрермен назарына ұсынылды.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через