Алматыда 63 адам уланды

Алматыда  63  адам  уланды

Алматыда  63  адам  уланды

Алматыдағы "Демеу"  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 63 адам жаппай уланып, бір адам қайтыс болды,- деп хабарлады Алматы қаласы санэпидбақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.

"Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде бұрын екі рет операция жасалған науқас қайтыс болды. Анамнезде-жүрек-тамыр жүйесі мен бүйректің созылмалы аурулары бар. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады", - деді Байғабылов. Уланған  адамдар  түс  мезгілінде  іш  ауруына шағымданған. Дер кезінде  жедел  дәрігерлік  көмек  көрсетіліп, барлық    пациенттерге  симптоматикалық  ем  тағайындалған.