"Алматы марафонының" қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

"Алматы марафонының" қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

25 қыркүйекте Алматыдағы "Алматы марафонына" қатысқан 47 жасар Рүстем Садықов мәреге жеткеннен кейін көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz “Алматы марафоны” сайтына сілтеме жасап.

"Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті еріктілер көрсетті. Қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Бастапқыда жүрегі іске қосылды, синус ырғағы пайда болды. Бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдем көлігінде жасалды. 10:15-те қатысушы қайтыс болды. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады", – деді мәреде кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Сахов.

Ақпаратқа сәйкес, Рүстем Садықов осыған дейін бірнеше жарысқа қатысқан. Ол сәуірде Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында жүгірген. 

Фото: halyq-uni.kz