Алматы қаласының емханаларында 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген, оның 5 мыңнан астамы – ресейліктер.
«Егер шетел азаматы Қазақстан аумағында тұрақты тұрса немесе тұруға ықтиярхаты болса, ол міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша көмек алуға құқылы. Бүгінгі таңда Алматы қаласының емханаларына 22 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген. Олардың ішінде Ресей Федерациясының 5 мыңнан астам азаматы бар», - деді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Өткен жылдың 15 тамызынан бастап шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелу ережелері өзгерген. Енді оларда ерікті медициналық сақтандыру шарты болуы керек.
Фото: arnapress.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через