фото: pixabay.com
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха алкогольдік ішімдіктен толықтай бас тартқан ауылдардың санын жариялады.
«Қазақстанда жалпы осындай 97 ауыл бар. Оның ішінде Қарағанды облысында – 50 ауыл, Түркістан облысында – 7, Қостанай облысында – 6 ауыл, Ақтөбе облысында – 5, Жамбыл облысында – 5, Cолтүстік Қазақстан облысыда - 5, Ақмола облысыда - 5, ШҚО-да – 4, Қызылорда облысында – 3, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында екі ауылдан, сондай-ақ Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстарында бір ауылдан. Бізде осы елді мекендердің атауы бар», - деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, мұндай шешімді аталған ауылдардың тұрғындары өздері қабылдаған және оған Ішкі істер министрлігінің еш қатысы жоқ.
«Бұл бастаманы ауыл тұрғындары өздері жасады. Осыны естігеннен кейін, біз тиісті мониторинг жасадық. Бұл ретте, аталған ауылдарда құқық бұзу деректері айтарлықтай азайғанын байқадық. Осы елді мекендерде алкогольдік ішімдік сатылмайды және оны ешкім сатып алмайды», - деді министрдің орынбасары.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через