Әлемдік Masters турниріне Қазақстан атынан 12 дзюдошы қатысады

Әлемдік Masters турниріне Қазақстан атынан 12 дзюдошы қатысады

Қазақстан дзюдо құрамасы 20-22 желтоқсан күндері өтетін әлемдік Masters турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жылдың қорытынды жарысы Израиль елінің Иерусалим қаласында болады.

Masters додасында ел намысын мына спортшылар қорғайды.

Әйелдер:

Әбиба Әбужақынова (48 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Кәмила Берліқаш (+78 кг).

Ерлер:

Елдос Сметов (60 кг)

Бауыржан Нарбаев (60 кг)

Мағжан Шамшадин (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)

Данияр Шамшаев (73 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Абылайхан Жұбаназар (81 кг)

Дидар Хамза (90 кг)

Нұрлыхан Шархан (-100 кг).

Фото: egemen.kz