фото: libymax.ru
Цюрих пен Сингапур әлемнің ең қымбат шаһарлары деп танылды.
Рейтингті британдық сараптамалық компания өкілдері жасаған. Онда үй жалдау, азық-түлік, киім-кешек, емделу, көңіл көтеру, қоғамдық көлік бағалары салыстырылған. Мамандар бір жыл ішінде өмір сүруге қажетті қаржаттың көлемі 7,4 процентке өскенін айтады. Оған геосаяси ахуал, инфляция мен климаттың өзгеруі әсер еткен. Жалпы Еуропада көңіл көтеруге және қоғамдық көлікке көп ақша жұмсалады екен. Ал АҚШ-та коммуналдық төлемақысы қымбат. Азияда азық-түлік пен ішімдік бағасы жоғары болып шықты. Әлемнің 173 ірі шаһарынан құрылған тізімнің соңында Сирия тұр.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через