Әлемдегі ең қарт адам Ұлыбританияда тұрады

Әлемдегі ең қарт адам Ұлыбританияда тұрады
фото: https://kaz.inform.kz/ bbc.com

     Ұлыбританияның Мерсисайд графствосының тұрғыны Джон Тиннисвуд әлемдегі ең қарт адам атанды.

Сәуірдің 5-інде 111 жас 223 күн болған қарт ұзақ өмір сүруінің сырын жұма күндері британдық дәстүрлі тағам балық пен қуырылған картоп жеп, үнемі жаяу серуендейтінімен байланыстырды.

Тиннисвуд қазір Саутпорттағы қарттар үйінде тұрады. Ол «ақыл-ойды жаттықтыруға» және әр нәрседе «шек болуы керек» деген кеңес береді.

Бұғанға дейінгі жер бетіндегі ең қарт адам — венесуэлалық Хуан Висенте Перес Мора сейсенбі күні 114 жасында қайтыс болды.

Ливерпуль футбол клубының жанкүйері Тиннисвуд 1912 жылы 26 тамызда Саутпортта дүниеге келген.

Ол өзінің әйелі Блодвенмен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кездесіп, 1942 жылы үйленген.

Тиннисвуд 1972 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Royal Mail, Shell және BP сияқты ірі компанияларда жұмыс істеді.

4 сәуір күні оған Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табыс етілді.

ҚазАқпарат