фото: https://www.istockphoto.com/
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ індетінің өршуіне байланысты дабыл қақты. Ұйымның тырысқақ және эпидемиологиялық диареялық аурулар тобының жетекшісі Филипп Борбоза жағдайдың климаттың өзгеруінен және тиімді әрекет ету үшін қаржыландырудың күрт жетіспеуінен айтарлықтай қиындайтынын атап өтті.
Әлемде тырысқақ ауруы өршіп тұр. Филипп Борбоза індетпен күресу үшін қосымша қаржы қажет екенін мәлімдеді. Ол "әлем бойынша тырысқақ індетінің күшеюіне" назар аудару керегін айтты. Филипп Борбозаның айтуынша, тырысқақ індетінің өршуіне климатты өзгеруі және оны дер кезінде емдеу үшін қаражаттың жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
2023 жылдың қаңтарында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ індетін өршуін ұйымдағы ең жоғары "үшінші деңгейдегі төтенше жағдай" ретінде таныды.
"Содан бері жағдай нашарлады", – деді сарапшы.
“Тырысқақ тазалық жоқ жерде және таза су болмаған жағдайда өршиді. Ал Шығыс пен Орталық Африкадағы жиі құрғақшылық және су тасқыны індеттің өршуіне қолайлы жағдай жасап отыр. Наурызда Эфиопия мен Зимбабведе сәйкесінше 4009 және 3588 жағдай тіркелді. Климат әлі де өзгеріп жатқандықтан індетті таралуын алдын алу үшін әрекет етпесек, аурудың өршу қаупі бар”, – деді ДДҰ өкілі.
Ол қазір қаражаттың жетіспеуінен ұйымның індепен күресуге қауқарсыз екенін жеткізді. 2022 жылдан бері ДДҰ тырысқаққа шұғыл әрекет ету үшін өзінің резервтік қорынан 16 миллион доллар бөлген. Дегенмен дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау саласындағы дағдарысқа байланысты ұйым тырысқақ індетімен күресу үшін бұрынғыдай қаражат бөле алмайтын болған.
“Шұғыл түрде қаржы бөлінбейінше ДДҰ демеушілік жасауды тоқтатады. Алайда мұның салдарынан ауру өршіп, 23 елдегі адамдардың өміріне қауіп төнеді”, – дейді Филипп Борбоза.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через